Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол маусымының басты қаһармандары кім болды?

Редактор
12.12.2025, 23:57

KFF League Awards by Olimpbet марапатының триумфаторлары – Дастан Сәтпаев пен Алина Литвиненко. Елордада футбол жылына қорытынды жасалды.

Olimpbet Arena

Астанада 2025 жылғы футбол маусымының соңғы әрі ең маңызды шарасы – KFF League Awards by Olimpbet салтанаты өтті. Премия Қазақстан футбол федерациясының көпжылдық серіктесі – Olimpbet қолдауымен ұйымдастырылды. Сахнада КПЛ, әйелдер лигасы, бірінші және екінші лига үздіктері марапатталды.

Маусымның басты жұлдыздары атанған форвард Дастан Сәтпаев («Қайрат») бірден екі марапатқа ие болды – «Маусымның үздік ойыншысы» және «Үздік жас ойыншы».

Ал әйелдер «Ақтөбе» командасының шабуылшысы Алина Литвиненко ел тарихындағы ең әсерлі маусымдарының бірін өткізді: 72 гол, 13 нәтижелі пас. Ол да екі жүлдені иеленді – «Үздік ойыншы» және «Үздік бомбардир».

2020 жылдан бері Қазақстан футбол федерациясының және бірқатар КПЛ клубтарының серіктесі болып келе жатқан Olimpbet – ел спорт индустриясына №1 инвестор. Компания өкілдері отандық футболдың өсу динамикасын атап өтіп, бірнеше номинация бойынша жүлделер тапсырды.

Olimpbet даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев «Ақтөбенің» ойыншысы Бақдат Қайыровқа «Маусымның үздік қорғаушысы» жүлдесін табыстады.

«Olimpbet пен Қазақстан футбол федерациясы бес жылдан бері бірге жұмыс істейді. Біз үшін қазақстандық футболды қолдау – маңызды миссия. Сондықтан бүгін маусымды қорытындылап, өз ісінің шынайы шеберлерін марапаттау – ерекше қуаныш», – деді Қалиев.

«Үздік шабуылшы» марапатын («Тобол») Ислам Чесноковқа Olimpbet маркетинг директоры Геннадий Шемраев ұсынды.

Сондай-ақ келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар жарияланды:

  • Үздік қақпашы – Темірлан Анарбеков («Қайрат»);
  • Үздік жартылай қорғаушы – Ғалымжан Кенжебек («Елімай»);
  • Үздік бомбардир – Назми Грипши («Астана»);
  • Жыл серпілісі – Даурен Жұмат («Оқжетпес»);
  • Үздік бапкер – Рафаэль Уразбахтин («Қайрат»).

Анықтама:

Қазақстан футбол федерациясы – еліміздегі футболды басқару және дамыту ұйымы. 1994 жылдан бері ФИФА құрамында.

Olimpbet – спорт, ойын-сауық және беттинг индустриясындағы жетекші қазақстандық компания, көптеген спорттық жобалар мен ұйымдарды қолдайды.

Реклама
Реклама