Жарнама
Жарнама

Бокс: Қазақстан Өзбекстанды артқа тастап, Ресейден кейінгі екінші орын алды

13.12.2025, 22:00

Құрама еншісінде үш алтын бар.

ҚР ҰОК

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатын екінші орынмен аяқтады.

Отандық боксшылардың төртеуі финалға шықса, соның үшеуі алтын медаль еншіледі. Бұдан бөлек тағы бір күміс пен екі қола медаль бар.

Әлем чемпионы атанғандар қатарында Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг)және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) бар. Сабыржан Аққалықов (75 кг) финалға дейін жетіп, әлем біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алды. Ал Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) қола медаль иегерлері атанды.

Ресей - 7 алтын, 5 күміс, 1 қола

Қазақстан - 3 алтын, 1 күміс, 2 қола

Өзбекстан - 2 алтын, 4 күміс, 3 қола

Әзірбайжан - 1 алтын, 2 қола

Қырғыз - 1 күміс, 1 қола

Тәжікстан - 1 күміс, 1 қола

Беларусь - 1 күміс

Армения - 5 қола

Грузия - 2 қола

Непал - 1 қола

Замбия - 2 қола

Испания - 2 қола

Молдова - 1 қола

Мали - 1 қола

Түрікменстан - 1 қола

Куба - 1 қола

Реклама
Реклама