Еркебұлан Сейдахмет армян футболшысымен төбелесіп қала жаздады

Редактор
05.02.2024, 05:10

Төреші оларға «сары қағаз» көрсетумен шектелді

Prosports.kz

Алматылық «Қайрат» пен мәскеулік «Локомотив» арасындағы жолдастық кездесу барысында команда капитаны Еркебұлан Сейдахмет қарсылас команданың ойыншысымен төбелесіп қала жаздады.

Бірінші таймның орта тұсында Сейдахмет мәскеулік клубтың қорғаушысы Александр Сильяновпен соғысып қалып, оның соңы ерегеске ұласты. Осы сәтте «Локомотив» ойыншысы Наир Тикнизян командаласына болысып, Еркебұланды «жағадан алған». «Қайрат» капитаны қарап қалмай, оны бетінен итеріп жіберді. Тек осы сәтте алаңдағы өзге ойыншылар мен төрешілер ара түсіп, екеуін ажыратты. Мұнан соң қос ойыншы да төрешіден «сары қағаз» алды.

Абу-Дабиде өткен жолдастық кездесу 4:1 есебімен мәскеулік клубтың жеңісімен аяқталды.

Материалда: