Жарнама
Жарнама

Қайрат Нұрдәулетов жаңа қызметке тағайындалды

Редактор
18.12.2025, 20:52

Былтырғы маусымда «Оқжетпес» ҚПЛ-де 35 ұпай жинап, 8-орын алды

ҚФФ

Қайрат Нұрдәулетов Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

43 жастағы маман бұған дейін де «Жетісуды» 2023-2024 жылдары басқарған. Ол кезеңде команда Қазақстан Премьер-лигасында 11-орынға тұрақтаған еді.

Қайрат Нұрдәулетов 1982 жылы дүниеге келген. Кәсіби футболшы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» клубтарының намысын қорғады.

Ойыншылық мансабын аяқтаған соң Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылып, кейін жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.
2023 жылы Түркістан облысының «Мақтарал» клубын басқарған Нұрдәулетов команданың Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуына үлес қосты.

Одан кейін ол павлодарлық «Ертіс» клубында жұмыс істеп, биыл 4 шілдеде көкшетаулық «Оқжетпестің» бас бапкері болып тағайындалған еді. Өткен маусымда «Оқжетпес» ҚПЛ-де 35 ұпай жинап, 8-орын алды.

Айта кетейік, өткен маусымда «Жетісуды» Самат Смақов жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 21 ұпаймен 12-орынға тұрақтаған болатын.

Қайрат Нұрдәулетовтің қайта оралуы клубтың жаңа маусымдағы мақсаттарын айқындап, нәтижені жақсартуға бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр.

Реклама
Реклама