Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жас футболшы Испанияның Ла Лигасында ойнауы мүмкін

Редактор
25.12.2025, 20:27

Ол жақында дубль авторы атанған. 

instagram.com/aldiyar_nurgali

Қазақстандық 17 жастағы шабуылшы Алдияр Нұрғали Испанияның «Леванте» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

Астанада дүниеге келген футболшымен келісім «3+2» жүйесі бойынша рәсімделген. Қосымша екі жылдық опция іске қосылған жағдайда Нұрғали клубтың негізгі құрамына автоматты түрде ауысады. Ал егер «Леванте» бұл мүмкіндікті пайдаланбаса, онда ойыншы еркін агент мәртебесінде командадан кету құқығына ие болады.

2026 жылдың көктеміне дейін Алдияр Нұрғали «Леванте» клубының 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында (U-19) өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта чемпионатта екінші орында тұрған командамен бірге ол Испания кубогының іріктеу кезеңінен де сәтті өтті.

Айта кетейік, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының шабуылшысына елдегі танымал клубтар – «Валенсия» мен «Вильярреал» да қызығушылық танытқан.

Еске салсақ, жуырда «Эльче» командасына қарсы өткен матчта Алдияр Нұрғали дубль жасап, өз командасына жеңіс әкелген еді – 2:1.

Реклама
Реклама