Жарнама
Жарнама

Лионель Месси «Барселонаға» оралмақшы

Редактор
27.12.2025, 12:06

Ол басшылық қызметке тағайындалады

Getty Images

Аргентиналық даңқты шабуылшы Лионель Месси футболдағы мансабын аяқтаған соң «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін. Каталондық клуб басшылары оған ұсыныс әзірлеп жатыр.

El Nacional басылымының жазуынша, Месси «Барселонаның» басшылық құрамына лауазымды қызметке тағайындалуы мүмкін. Футболшы клубтан кеткеніне бірнеше жыл болса да, Каталонияда әліге дейін үлкен мәртебеге ие.

Айта кетейік, Лионель Месси «Барселона» сапында 2003-2021 жылдар аралығында, яғни 17 жыл өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол 778 матч ойнап, 672 гол соққан, 35 трофей жеңіп алған. Олардың қатарында Ла Лиганың 10 дүркін чемпионы, Чемпиондар лигасының төрт дүркін чемпионы секілді атағы бар.

Қазіргі таңда Месси АҚШ-та тұрады, «Интер Майами» клубының намысын қорғап жүр. 2026 жылы Аргентина құрамасымен Әлем чемпионатына қатысуы мүмкін.

Реклама
Реклама