Жарнама
Жарнама

«Ұлтына қатысты араздық»: Қазақстанда ойнаған ресейлік экс-футболшыны атып кетті

Редактор
27.12.2025, 18:11

Ол Қазақстанда да ойнаған.

«Тұран» ФК

Ресейдің жасөспірімдер құрамасында ойнаған бұрынғы футболшы Лайонел Адамсқа қасақана шабуыл жасалды. Бұл туралы Sport Baza хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға Мәскеу облысындағы Московская көшесінде орналасқан «ДеньНочь» буфетінде болған.

Лайонел Адамс достарымен бірге демалып отырғанда оларға шамамен он адамнан тұратын топ тиісіп, футболшының ұлтына байланысты жанжал шығарған. Қақтығыс барысында белгісіз тұлғалардың бірі қару қолданып, Адамсқа оқ атқан. Мұнымен де тоқтамай, топтың өзге мүшелері ЦСКА жастар командасының бұрынғы ойыншысын жабылып ұрып-соққан.

Лайонел Адамс жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның ерні жыртылғанын және оқ жарақатын алғанын растады. Қазіргі таңда футболшы дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетейік, Лайонел Адамс карьерасында Мәскеудің ЦСКА жастар құрамасында, Красноярскінің «Енисей» клубында, Набережные Челныдың КАМАЗ командасында, сондай-ақ Қазақстан (“Тұран” ФК), Беларусь және Испания клубтарында өнер көрсеткен. Бұдан бөлек ол Ресейдің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақырылған.

Оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

Материалда: