Іріктеу кезеңінде сенсация тіркелді
Франция Кубогының іріктеу кезеңінде сенсация тіркелді. «Париж» клубы елдің алпауыты – «Пари Сен-Жерменді» 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. 1/16 финалдағы кездесу Париж қаласындағы «Парк де Пренс» стадионында өтті.
Матчтағы жалғыз әрі шешуші голды 74-минутта шабуылшы Жонатан Иконе соғып, командасына тарихи жеңіс сыйлады. Осылайша «Париж» Франция Кубогының 1/8 финалына жолдама алды. Бұл кезеңдегі қарсыласы кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні Франция чемпионатының 17-турында «ПСЖ» дәл осы қарсыласын 2:1 есебімен ұтқан еді.
Айта кетерлігі, букмекерлік кеңселер матч алдында «Париждің» жеңісіне небәрі 17 коэффициент ұсынып, олардың мүмкіндігін өте төмен бағалаған болатын.