Айта кетейік, рейтинг Instagram мен TikTok желілеріндегі жазылушылардың жиынтық санына негізделген.
Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың қалыңдығы, испан-аргентиналық модель Джорджина Родригес әлемдегі ең танымал модельдердің рейтингі бойынша топ-3 қатарына кірді.
Модельдік бизнес саласындағы беделді портал әлеуметтік желілердегі жазылушылар санына сүйене отырып, әлемдік жұлдыздардың тұрақты рейтингін жасайды. Тізімді 30 жастағы америкалық супермодель Кендалл Дженнер бастап тұр. Оны Instagram мен TikTok-та 291,7 миллионнан астам адам қадағалайды.
Ал Джорджина Родригес бұл рейтингте екінші орынға жайғасып, оның әлеуметтік желілердегі жазылушыларының жалпы саны 92,4 миллионды құрады. Үшінші орында тағы бір америкалық модель — Джиджи Хадид (77,6 млн).
Әлемдегі ең танымал модельдер рейтингі:
Айта кетейік, рейтинг Instagram мен TikTok желілеріндегі жазылушылардың жиынтық санына негізделген.
Әлемдегі ең танымал жұп
Джорджина Родригес пен Криштиану Роналду әлемдегі ең танымал жұптардың бірі саналады. Олар 2016 жылы Роналду Мадридтің «Реал» клубында ойнап жүрген кезде танысқан. Қазіргі таңда жұп бес баланы тәрбиелеп отыр, ал өткен жылы некелерін қиюға шешім қабылдағандарын мәлімдеген.
Сонымен қатар, Криштиану Роналду — әлемдегі ең танымал адам. 2024 жылы ол Instagram, Facebook, X, YouTube, KuaiShou және Weibo платформаларын қоса есептегенде 1 миллиард жазылушыға жеткен алғашқы тұлға атанды.