Португалия құрамасының аңызы «Ақтөбе» клубына ауысады - БАҚ

Редактор
Бүгін, 15:01

Ол бір жыл бұрын карьерасын аяқтаған.

ВКонтакте

Португалия құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» жұлдызы болған Луиш Нани отандық «Ақтөбе» клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Zidan4eg Live мәлімдеді.

Ақпарат көзінің дерегінше, «Манчестер Юнайтед» пен Португалия ұлттық құрамасының экс-футболшысы жақын күндері «Ақтөбе» сапын толықтырады. БАҚ таратқан мәліметке қарағанда, «Ақтөбе» Луиш Нанимен бір жылдық келісімшарт бойынша ортақ мәмілеге келген. Португалиялық футболшы Қазақстан Премьер-лигасы тарихында рекордтық көлемдегі жалақы алады деген сыбыс бар.

Нани 22 қаңтар күні Алматыға ұшып келіп, кейін Ақтөбеге аттанады.

Айта кетейік, Нани бір жыл бұрын кәсіби мансабын аяқтағанын жариялаған еді. Ол соңғы рет 2024 жылы алаңға шыққан.

Луиш Нани Португалия құрамасының сапында 112 матч өткізіп, 24 гол соққан. Ол Еуропа чемпионатының алтын және қола жүлдегері, Конфедерациялар кубогының жеңімпазы атанған. Клубтық деңгейде Нани «Манчестер Юнайтед» сапында Чемпиондар лигасын жеңіп, төрт рет Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды. Сонымен қатар ол «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио» және өзге де клубтарда өнер көрсетті.

Ал жуырда «Ақтөбе» клубының иесі ауысқаны белгілі. Команданы бизнесмен Нұрлан Артықбаев сатып алды. Forbes дерегіне сәйкес, оның байлығы 228 миллион АҚШ долларын құрайды.

Реклама
Реклама

Материалда: