«Абырой жинау керек»: Елдос Ахметов Левондовскийдің қазақ футболы туралы не дегенін айтты

Редактор
22.01.2026, 22:48

Ол төрешілердің бұра тартуына қатысты пікір білдірді

instagram.com/eldos_akhmetov

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Елдос Ахметов төрешілердің бұра тартуына қатысты пікір білдірді. Футболшы бұл туралы желіде жазба жариялап, құрамамен Польшаға қарсы ойындағы «қысастық» туралы айтты.

«Бірде Польшаға қарсы ойында төреші бізге қарсы ысқыра берді. Сонда мен бір бұрыштама кезінде Левандовскийге айттым, төреші әділетсіздік жасап жатыр деп. Роберт болса, “иә біліп тұрмын, оның себебін де білемін. Сендердің рейтингтегі орындарың төмен, сондықтан төрешілер мықтыларға болысады” деп шындығын айтты. Иә, мен бұл жағдай туралы осыған дейін де естіген едім. Шығар қорытынды: бізге рейтинг көтеріп, абырой жинау қажет», - деп жазды ол.

Осылай деген Ахметовке желі қолданушылары түрлі пікір жазып қалдырды.

«Осылай айтқан Робертке рахмет», «Матч кезінде бос әңгіме айтпай футбол ойнау керек», «Ағылшын тілін білетін бе едіңіз?», «Абыройды сол кезде жинау керек едіңіздер», «Сенейін бе, әлде?» деген сыңайда ой білдірді.

Елдос Ахметов әр жылдары «Ертіс», «Қайрат», «Астана», «Қайсар», «Тараз» секілді клуб қатарында доп тепті. Ол 2023 жылы спорттық мансабын аяқтаған соң бапкерлікке бет бұрды.

Реклама
Реклама