Анчелоттидің Бразилия құрамасындағы тағдыры белгілі болды

Редактор
26.01.2026, 23:06

Ол құрама тізгінін былтыр мамыр айында ұстаған. 

David Ramos / Getty Images

Бразилия футбол конфедерациясының президенті Самир Хауд ұлттық құраманың бас бапкері, италиялық маман Карло Анчелоттимен келісімшартты ұзарту бойынша ресми келіссөздер басталғанын мәлімдеді.

«Қазір келіссөздер жүріп жатыр, екі тарап та ынта білдіріп отыр. Бірлескен жұмысты жалғастыру үшін кейбір бюрократиялық мәселелерді реттеп жатырмыз», - дейді Хауд Football Italia-ға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бразилиялық футбол үшін келісімшартты әлем чемпионаты басталғанға дейін ұзарту аса маңызды.

«Өз басым орта және ұзақ мерзімді жобаларға, жүйелі жұмысқа сенемін. Анчелотти қысқа уақыт ішінде-ақ өзінің кәсіби деңгейі мен адами қасиеттерін дәлелдеп үлгерді. Ол Бразилия құрамасы мен федерация үшін мінсіз кандидат. Сондықтан да жұмысты жалғастырып, оған Бразилия футболына толықтай ден қоюы үшін көбірек уақыт бергіміз келеді», - деді конфедерация басшысы.

Еске сала кетейік, Карло Анчелотти Бразилия құрамасының тізгінін былтыр алған. Оның келісімшарты 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқталады, соған қарамастан федерация қазірдің өзінде оған жаңа келісімді ұсынуға дайын.

Анчелотти бұған дейін клубтық деңгейде табысты еңбек етті. Ол - Чемпиондар лигасы тарихында ең көп титул иеленген бапкер. Итальяндық маман бұл турнирде бес рет жеңіске жеткен: үш рет «Реалмен», екі рет «Миланмен».

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді және тарихта алғаш рет АҚШ, Мексика және Канада елдерінде ұйымдастырылады.

Реклама
Реклама