Виктор Мозестің «Қайсарда» қанша жалақы алатыны белгілі болды

Редактор
Бүгін, 09:47

Клуб футболшының жағдайы толық жасалатынын алға тартқан. 

«Қайсар» ФК

«Қайсар» футбол клубы басшысының бейресми кеңесшісі Айбек Қабылша АПЛ чемпионы Виктор Мозестің қызылордалық клубпен жасаған келісімшартына қатысты бірқатар мәліметті жария етті. Бұл туралы ол Nursultan Qurman YouTube-арнасында айтты.

Нигерияның жастар, жасөспірімдер және ұлттық құрамасында, сондай-ақ негізгі ұлттық команда сапында ойнаған тәжірибелі жартылай қорғаушының жалақысы ҚПЛ-дегі үздік футболшылардың айлығымен шамалас екені айтылды.

– Жалақысының көлемі нақты жарияланған жоқ, естуімше, Нанидікінен төмен, бірақ Қазақстандағы топ ойыншылар деңгейіне жетеқабыл, солай ма?

– Тіпті кейбір үздік қазақстандық футболшылардан да төмен.

– Сондай ол қалай келісті?

– Клуб басшылығы бірден төлей алатын нақты соманы ашық айтып, ешқандай алдау болмайтынын және оның отбасына барлық жағдай жасалатынын уәде еткен. Балалары үшін жеке халықаралық мектеп қарастырылған. Қазір оған стадион маңынан баспана дайындалып жатыр – бұл коттедж емес, төрт бөлмелі пәтер. Қызметтік көлік берілмейді, оған ойыншының өзі келісіп отыр. Қаласа, жеке көлігімен жүре алады, шектеу жоқ, алайда отбасына жеке жүргізуші қарастырылмаған. Виктор Мозестің жұбайы мен екі баласы бар.

Еске сала кетейік, АПЛ чемпионы Виктор Мозес «Қайсар» клубына 24 қаңтарда ресми түрде ауысты. Ол бұған дейін «Челси» сапында Англия Премьер-лигасы мен Англия кубогын жеңіп алған.

Бұған дейін «Ақтөбе» клубы Португалия құрамасының және «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Нанимен келісімшарт жасасқанын хабарлаған еді. Ол ҚПЛ тарихындағы ең жоғары жалақы алады.

Реклама
Реклама

Материалда: