Әзірге мұндай шешімге не түрткі болғаны белгісіз
Француз журналисі Франсуа Галлардо Килиан Мбаппеге қатысты инсайдерлік ақпаратымен бөлісті. Француз шабуылшысы биыл жазда ПСЖ-дан кетіп, мадридтік «Реалға» ауысады деген ақпаратты ол жоққа шығарып отыр.
Оның мәліметінше, 25 жастағы футболшы париждік клубпен келісімшартын тағы ұзартады. «Реалға» ол ешқашан ауыспайды деді спорт журналисі.
Айта кету керек, бұған дейін испан басылымдары Мбаппенің жазда «Реал» сапына ауысатыны шешілген мәселе деп жазған болатын. Тіпті, оның қанша жалақы және қанша бонус алатыны да хабарланған болатын.
Килиан Мбаппе ПСЖ сапына 2018 жылы келіп қосылды. Биылғы маусымда ол клубпен 29 матч өткізіп, 30 гол соққан.