Бірақ ол кәсіби футболшы емес.
Венесуэланың екінші дивизионында өнер көрсететін «Реал Фронтера» клубы ерекше трансфермен жұрт назарын аударды.
Команда әлеуметтік желіде «Винисиустың клоны» атанып кеткен блогермен келісімшартқа отырды.
23 жастағы Рикардо Ринкон кәсіби футболшы емес, ол осы уақытқа дейін тек контент жасаумен айналысып келген. Бірақ желі қолданушылары оны бразилиялық футболшының «егізі» деп таниды.
Әлеуметтік желілерде «колумбиялық Вини» аталып кеткен блогердің 1,2 миллионнан астам оқырманы бар. Енді ол өзін футболда сынап көрмек.
Дегенмен клуб басшылығының бұш шешімі көпшілік арасында қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны сәтті маркетинг деп бағаласа, енді бірі кәсіби клуб басымдықты академия ойыншыларына беруі керек деп санайды.