Абдукодир Хусанов Англияда матчтың үздік ойыншысы атанды

Редактор
Бүгін, 12:06

Оның клубы жеңіске жетті.

©x.com/ManCity

«Манчестер Сити» Англия кубогының 1/16 финалында «Солфорд Сити» командасын 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Матчта Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситидің» бастапқы құрамында алаңға шығып, кездесуді соңына дейін толық өткізді. Оның сенімді ойыны назардан тыс қалмай, EA Sports нұсқасы бойынша матчтың үздік ойыншысы атанды.

Хусанов «қалалықтардың» сапына 2025 жылдың басында қосылған. Ол Англияға Францияның «Ланс» клубынан 40 миллион еуроға ауысқан еді. Қазіргі маусымда қорғаушы барлық турнирде 22 ойын өткізіп, үш рет ескерту алған.

Реклама
Реклама