«Ноттингем Форест» АПЛ турнирлік кестесінде 17-орында тұр
Ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсететін Ноттингем Форест португалиялық маман Витор Перейраны бас бапкер қызметіне тағайындады.
Перейра осы маусымда «Ноттингем Форесттің» тізгінін ұстаған төртінші бас бапкер атанды. Ол бұл қызметте Шон Дайчтің орнын басқан. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 57 жастағы жаттықтырушымен жасалған келісімшарт 2027 жылға дейін есептеліп отыр.
Қыркүйек айында клуб 2023 жылдан бері команданы жаттықтырған Нуну Эшпириту Сантумен қош айтысқан еді. Сондай-ақ маусым барысында команданы австралиялық маман Ангелос Постекоглу де жаттықтырды. Перейра 2024 жылдың желтоқсанынан бастап Англияның «Вулверхэмптон» клубын баптады. Қыркүйекте ол командамен келісімшартын үш жылға ұзартқанымен, қараша айында маусымның сәтсіз басталуына байланысты қызметінен босатылған.
Перейра бұған дейін португалиялық Санта-Клара мен Порту, саудиялық Аль-Ахли және Аль-Шабаб, грек клубы Олимпиакос, түркиялық Фенербахче, германиялық Мюнхен-1860, қытайлық Шанхай СИПГ, сондай-ақ бразилиялық Коринтианс пен Фламенго клубтарында жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта «Ноттингем Форест» АПЛ турнирлік кестесінде 27 ұпаймен 17-орында тұр.