Криштиану Роналдудың ұлы жасөспірімдер арасында Сауд Арабиясы чемпионатын жеңіп алды

Редактор
10.02.2024, 10:47

Соңғы матчта кіші Роналду бір голмен көзге түсті

Getty Images

Футболдан Сауд Арабиясының 13 жасқа дейінгі балалар арасындағы чемпионатын «Әл-Наср» жасөспірімдер клубы жеңіп алды. Аталған командада кіші Криштиану Роналду өнер көрсетеді.

Даңқты футболшының үлкен ұлы әкесімен бірге Сауд Арабиясына көшіп келген болатын. Ол бүгінде жасөспірімдер лигасында сұрмергендердің бірі. Оның командасы турнир аяқталуға үш тур қалғанда ел чемпионы атанып отыр.

9 ақпанда өткен ойында «Әл-Наср» «Охуд» командасын 4:1 есебімен жеңді. Кіші Роналду бір голмен көзге түсті.

«Біздің кішкентай жұлдыздарды құттықтаймыз! Бізді жарқын болашақ күтіп тұр», - деп жазылған «Әл-Наср» клубы таратқан ақпаратта.