Ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы басшылық қызметке тағайындалды

Редактор
18.02.2026, 11:43

Ол карьерасының басым бөлігін «Ордабасы» сапында өткізді. 

prosports.kz

35 жастағы қазақстандық бұрынғы футболшы Мардан Төлебек Түркістан облысындағы «Арыс» футбол клубы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалмақ. Бұл туралы «Тотальный футбол» telegram-арнасы жазды.

Айта кетейік, қаржылық қиындықтарға байланысты жабылудың аз-ақ алдында тұрған клубты жақында ғана блогер әрі кәсіпкер Арман Пірманов сатып алған болатын. Осыдан соң «Арыс» командасының басқару жүйесінде қайта құру жұмыстары басталды.

Өткен маусымда «Арыс» Бірінші лигада 28 матч өткізіп, небәрі 10 ұпай жинады да, турнир кестесінде 15-орынға жайғасты.

Ал Мардан Төлебек футболшы ретінде ең алдымен «Ордабасы» клубындағы ойынымен танымал. Ол «Тарланға» жалға берілгені болмаса, 2010-2020 жылдар аралығында шымкенттік команда сапында доп тепті. Кәсіби мансабын дәл осы «Арыс» клубында аяқтап, 2025 жылдың басында футболмен қоштасты.

Төлебек Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында ойнаған. Сондай-ақ ұлттық құраманың негізгі командасына да шақырту алған. Ол кезеңде бас бапкер қызметін Юрий Красножан атқарғанымен, Мардан Төлебек ел құрамасы сапында ресми матчқа қатыса алған жоқ.

Реклама
Реклама

Материалда: