Трамптың АҚШ-қа шақыртуынан соң Роналду мәлімдеме жасады

Редактор
Бүгін, 11:12

Ол кезекті матчта дубль авторы атанды.

Yasser Bakhsh / Getty Images

Сауд Арабиясының Про-лигасының 23-турында «Әл-Наср» «Әл-Хазмды» 4:0 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін команда көшбасшысы, Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің болашағына қатысты нақты мәлімдеме жасады.

Бұл ойында 41 жастағы жұлдыз дубль авторы атанып, клубының ірі есеп айырмасымен жеңуіне септігін тигізді.

«Мен Сауд Арабиясына тиесілімін. Карьерамды осы жақта жалғастырғым келеді. Бұл - мені, отбасымды және достарымды құшақ жая қарсы алған ел. Мен өзімді бақытты сезінемін және осында қалғым келеді», - деп келтіреді Роналдудың сөзін белгілі журналист Фабрицио Романо.

Айта кетейік, биылғы маусымда Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында барлық турнирде 22 матч өткізіп, 20 гол соқты. Бұған дейін аңыз футболшы клубтың трансферлік саясаты мен басқару тәсілдеріне көңілі толмайтынын да білдірген еді.

Ал осыдан бірер күн бұрын Дональд Трамп Роналдудың ұлы футболшы екенін айтып, оны АҚШ-қа шақырды.

Реклама
Реклама