Жарнама
Жарнама

Максим Самородов 2026 жылғы алғашқы голын салды

Редактор
01.03.2026, 23:00

Ал алаңға негізгі құрамда шықты.

© Дмитрий Челяпин / Матч ТВ

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының 19-туры аясында мәскеулік ЦСКА-ға қарсы матчта мергендігімен көзге түсті.

Ойынның 4-минутында «Ахмат» футболшысы қарсылас айып алаңының шебінде допты қағып алып, тәжірибелі қақпашы Игорь Акинфеев күзеткен қақпаны дәл көздеді.

Бұл - Самородовтың 2026 жылғы алғашқы голы. Бірақ Ресей Премьер-лигасының биылғы маусымындағы үшінші нәтижелі соққысы.

Матчқа дейін «Ахмат» 22 ұпаймен турнирлік кестеде тоғызыншы орында тұрса, 36 ұпай жинаған ЦСКА төртінші сатыда орналасқан еді.

Айта кетейік, грозныйлық клубта тағы бір отандық футболшы Ғалымжан Кенжебек доп тебеді. Ғалымжан «Ахмат» сапына жылдың басында ауысты. Дегенмен бүгінгі матчта қосалқы құрамда болғанымен, алаңға шыққан жоқ.

Реклама
Реклама