Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы А Сериясына ауысты

Редактор
04.03.2026, 10:16

Ол қазір 18 жаста.

idman.biz

18 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Омар Мурадов Италияның «Болонья» клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы Goal.kz хабарлады. Жас футболшы бастапқы кезеңде команданың жастар құрамында өнер көрсетіп, болашақта негізгі құрамға ауысуды көздейді.

Алматының тумасы Мурадов футболдағы алғашқы қадамдарын «Қайрат» академиясында және жекеменшік «Мустанг» балалар клубында бастаған. 15 жасында Әзербайжанға ауысып, «Сумгайыт» клубының U-17 құрамымен ел чемпионатын жеңіп алған.

Goal.kz мәліметінше, келісімшарт 2027 жылдың жазында күшіне енеді. Осы уақытқа дейін Мурадов итальян тілін меңгеріп, еркін агент мәртебесін алуы тиіс. Футболшымен жасалған келісім үш маусымға есептелген.

«Болоньяның» жастар командасы Италиядағы Примавера чемпионатында (U-20) бақ сынайды. Мурадов дәл осы құрамда шеберлігін шыңдайды.

Дереккөздің жазуынша, қазақстандық ойыншыға «Милан», испаниялық «Жирона» және ресейлік ЦСКА клубтары қызығушылық танытқан. Ал бұған дейін Әзербайжан басылымдары оның «Астана», «Қайсар» және «Нефтчи» клубтарының назарында болғанын хабарлаған еді.

Реклама
Реклама

Материалда: