Клуб алғашқы ойында 3:0 есебімен ұтылды.
«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола командасының Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шығу мүмкіндігі аз екенін айтты. Бұл туралы Sky Sports басылымы жазды.
«Әрине, 3:0 есебі 4:0-ден жақсы. Бізде әлі алты күн бар. Қалпымызға келеміз деп үміттенемін. Алда «Вест Хэммен» ойнаймыз, содан кейін жанкүйерлерімізбен бірге барымызды саламыз. Қазір мүмкіндігіміз аз, бірақ біз күреспейміз деп айтатындардың қатарынан емеспіз», - деді Гвардиола.
Айта кетейік, кеше түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойында «Манчестер Сити» мадридтік «Реалдан» 0:3 есебімен жеңіліп қалған еді. Жеңімпаз команда сапындағы үш голды бірінші таймда Федерико Вальверде соқты.
Матчтың 58-минутында мадридтік клубтың шабуылшысы Винисиус Жуниор пенальтиден гол соға алмады. Екі команда арасындағы қарымта кездесу 17 наурызда Англияда өтеді.