Жарнама
Жарнама

Финалиссима: Аргентина мен Испания арасындағы матч өтетін орын өзгерді

Редактор
13.03.2026, 17:33

Кездесу 27 наурызға жоспарланған.

@UEFA

Футболдан Аргентина мен Испания құрамалары арасындағы Финалиссима матчы Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтуі мүмкін.

COPE басылымының мәліметінше, бастапқыда ойын Катардың Доха қаласындағы «Лусаил» стадионында өткізілуі тиіс болған. Матч 27 наурызға жоспарланған еді. Алайда Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты бұл жоспар жүзеге аспай қалған. Аймақтағы қақтығыс салдарынан Катардың әуе кеңістігі жабылып, ұйымдастырушылар матч өтетін орынды өзгертуге мәжбүр болды.

Аргентина құрамасы кездесуді Испанияда өткізуге құлшынып отырған жоқ, сөйте тұра таңдау«Реал» клубына тиесілі «Сантьяго Бернабеу» аренасына түскен.

Айта кетейік, бұл Аргентина құрамасының осы стадиондағы соңғы екі жылдағы екінші ойыны болуы мүмкін. Бұған дейін аргентиналықтар 2024 жылдың наурыз айында дәл осы аренада Бразилиямен жолдастық кездесу өткізіп, матч 3:3 есебімен тең аяқталған еді.

11 наурыз күні ұйымдастырушылар делегациясы «Сантьяго Бернабеу» стадионына барып, аренаның мұндай ауқымды матчты қабылдауға дайындығын тексерген.

Реклама
Реклама