Жарнама
Жарнама

«Дайындығымыз мәз емес». Қазақстан құрамасының ойыншысы мәселені ашық айтты

25.03.2026, 21:20

Қазіргі физикалық дайындығымыз көңіл көншітпейді

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Намибиямен өткен матч (2:0) туралы пікір білдірді.

Футболшының айтуынша, жеңіске қарамастан, команда ойынында әлі де кемшіліктер бар.

«Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Халықаралық матчтар әрқашан оңай болмайды. Бүгін бізге өзара түсіністік жетіспеді, кей сәттерде бір-бірімізді түсінбей қалдық», - деді ол Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Вороговский командасының физикалық дайындығы да әлі толық деңгейде емес екенін атап өтті.

«Қазіргі физикалық дайындығымыз көңіл көншітпейді. Бірақ келесі Комор құрамасымен матчқа 100% дайын боламыз», - деді қорғаушы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі ойынын 31 наурыз күні Комор аралдарына қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама