Жарнама
Жарнама

Огай кетті, Финонченко келді: «Шахтер» жаңа бапкерін таныстырды

Редактор
Бүгін, 17:00

43 жастағы маманмен жасалған келісімшарттың шарттары әзірге жарияланған жоқ.

"Шахтер" ФК

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы жаңа бас бапкер ретінде Андрей Финонченко тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

43 жастағы маманмен жасалған келісімшарттың шарттары әзірге жарияланған жоқ.

Андрей Финонченко – «Шахтер» клубының түлегі. Ол бүкіл ойыншылық мансабын осы командада өткізген. Бұған дейін клубтың жасөспірімдер және жастар құрамаларында жұмыс істеп, сондай-ақ негізгі команданың бас бапкері қызметін атқарған тәжірибесі бар. Жуырда ол Швейцарияның Ньон қаласында PRO жаттықтырушы лицензиясын алған.

Айта кетейік, бұған дейін «Шахтердің» бас бапкері қызметінен Дмитрий Огай кеткені хабарланған болатын. Ол бірде-бір ресми ойын өткізген жоқ.

Өткен маусымда Бірінші лигада өнер көрсеткен қарағандылық клуб турнир кестесінде төртінші орын алып, Премьер-лигаға бірден орала алмады.

Реклама
Реклама

Материалда: