Жарнама
Жарнама

Қазақстан ФИФА рейтингінде позициясын жақсартты

Редактор
31.03.2026, 20:22

Құрама екі ойында жеңіске жетті.

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде өз позициясын жақсартты.

Ұлттық құрама 1182,96 ұпай жинап, бірден екі саты жоғарылап, қазір 112-орынға тұрақтады. Бұл нәтижеге елордада өткен FIFA Series турниріндегі сәтті ойындар тікелей әсер етті.

Аталған жарыс аясында Қазақстан құрамасы екі матчта да жеңіске жетті. 25 наурыз күні Астанада Намибияны 2:0 есебімен ұтса, кейін Комор аралдарын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша команда 5,15 ұпай еншілеп, рейтингте Кения мен Танзанияны артта қалдырды.

Айта кетейік, осы кездесулерден кейін қарсыластардың да позициялары төмендеді: Намибия екі сатыға түсіп, 120-орынға жайғасса, ал Комор аралдары үш орынға төмендеп, 109-орынға сырғыды.

Сондай-ақ Қазақстан тарихында алғаш рет FIFA Series турнирін қабылдап, халықаралық деңгейдегі жарысты өз алаңында ұйымдастырды.

Реклама
Реклама