Жарнама
Жарнама

«Қайрат» капитаны Мбаппенің кемшін тұсын айтты

Редактор
Бүгін, 15:54

«Реалда» кейде қиындықтар туындайды

Фото: uefa.com

Алматының «Қайрат» клубының капитаны Александр Мартынович мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе туралы пікір білдірді.

«Мбаппе елік сияқты – орнынан бірден атылып шығып, екі қадамда-ақ алға озып кетеді. Алаңда өте жақсы ашылады. Әрине, оның да әлсіз тұстары бар шығар – мысалы, доп тартып алуға көп қатыспайды. Егер екі-үш ойыншы қорғаныстағы қара жұмысқа араласпаса, «Реалда» кейде қиындықтар туындайды. Қазіргі футболда барлығы қорғаныста да жұмыс істеуі керек. Бірақ Мбаппе жоқ жерден гол соғып кететін ойыншы»,-  дейді Мартынович.

Еске сала кетейік, Қазақстан чемпионы «Қайрат» Алматы «Реал Мадрид» клубымен УЕФА Чемпиондар Лигасы 2025/2026 жалпы кезеңінде кездесіп, 0:5 есебімен ірі жеңіліске ұшыраған болатын.

 

Реклама
Реклама