Футболшы қазан айында жарақат алған еді
Мәскеудің «Динамо» клубының басшысы Бахтиер Зайнутдиновтың жағдайы туралы пікір білдірді.
Клубтың бас директоры Павел Пивоваров matchtv.ru-ға берген сұхбатында жарақат алған Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдиновтың қазіргі жағдайына тоқталды.
- Чавес пен Зайнутдиновты осы маусымда көре аламыз ба?
- Чавес бірнеше аптадан бері толыққанды жаттығу жасап жүр, өтінімге де енгізіліп жатыр. Жақын уақытта алаңға оралады деп күтеміз. Оның нақты қашан шығатыны алдағы ойындардың барысына байланысты. Кез келген сәтте қосалқы құрамнан алаңға шығуы мүмкін, ал негізгі құрамға да біртіндеп дайын болады деп үміттенеміз. Ал Зайнутдиновке келсек, ол қазір оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Жақын арада қатарға қосылады деп сенеміз, бірақ нақты мерзімді тек медициналық топ айта алады, – деді Пивоваров.
Айта кетейік, 27 жастағы жартылай қорғаушы өткен жылдың 19 қазанынан бері ресми матчтарға қатысқан жоқ. Сонымен қатар, ол қысқы оқу-жаттығу жиынындағы жолдастық кездесулерде де алаңға шықпады.
2025/26 жылғы маусымда Зайнутдинов «Динамо» сапында 10 матч өткізіп, бір сары қағаз алған. Бұған дейін клуб оны Бешикташ командасынан 2,5 миллион еуроға сатып алған болатын.