Жарнама
Жарнама

Португалия бапкері 41 жастағы Роналдуға қатысты нақты шешімін айтты

Редактор
03.05.2026, 19:48

Роберто Мартинес команда капитанын ешкім алмастырмайтынын атап өтті

Reuters

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес команда капитаны Криштиану Роналду туралы пікір білдіріп, тәжірибелі шабуылшының ұлттық құрамадағы орны талқыланбайтынын айтты.

Мартинестің сөзінше, 41 жасқа келгеніне қарамастан Роналду әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр.

Криштиану Роналдудың Португалия құрамасындағы орны ешқашан талқыға түспейді. Мен мансабымда күн сайын өзін жетілдіруге дәл осындай ынтамен кірісетін футболшыны көрген емеспін, — деді португалиялық маман.

Қазір Роналду Сауд Арабиясының Әл-Наср FC клубында ойнайды. Биылғы маусымда ол 32 матчқа қатысып, 27 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Сондай-ақ тәжірибелі шабуылшы Португалия құрамасының капитаны саналады. Команда алдағы әлем чемпионатында Өзбекстан, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасына қарсы ойнайды.

Реклама
Реклама