22 жастағы вингер Польшадағы «Гриф» клубымен келісімшарт жасаспақ
Қытайдағы этникалық қазақ футболшы Талпын Есдәулет мансабын Еуропада жалғастырады. 22 жастағы вингер Польшадағы «Гриф» клубымен келісімшарт жасаспақ.
Іле-Қазақ автономиялық округінің тумасы бұған дейін Қытай мен Сербия клубтарында өнер көрсеткен. Ол Қытай Суперлигасындағы «Наньтун Чжиюнь» сапында ойнап, кейін Сербияның «Рад» және ИМТ командаларында доп тепті.
2026 жылдың басында футболшы Словакияның «Йеднота Банова» клубында қаралымнан өткен. Алайда жұмыс визасына байланысты мәселелер трансфердің жүзеге асуына кедергі болған еді.
Қазіргі таңда Талпын Есдәулет Еуроодақ аумағында еңбек етуге рұқсат алып, енді Польшаның «Гриф Слупск» клубына ауысуға мүмкіндік алды. Команда елдің төртінші дивизионында өнер көрсетеді.
Бұған дейін футболшы Қазақстан чемпионатында ойнауға ниетті екенін айтып, қажет болған жағдайда азаматтығын өзгертуге дайын екенін де мәлімдеген болатын.