Жарнама
Жарнама

Қазақстандық миллиардер ағылшын футбол клубындағы үлесін сатты

Редактор
Бүгін, 10:39

Ломтадзе иелік ететін ағылшын клубында жаңа акционер пайда болды

әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпкер, миллиардер Михаил Ломтадзе Англияның үшінші дивизионында өнер көрсететін Wycombe Wanderers клубындағы акцияларының бір бөлігін директорлар кеңесінің төрағасы Дэн Райске сатты.

BBC мәліметінше, мәміледен кейін Ломтадзеге тиесілі компания клуб акцияларының 80 пайызын сақтап қалды. Ал Дэн Райс пен жанкүйерлердің арнайы қоры клубтың 10 пайыздан акциясына иелік етеді.

Дэн Райс «Уиком Уондерерс» клубына 2024 жылдың мамыр айында қосылған. Бұған дейін ол Everton клубында жас таланттарды дамыту бөлімін басқарған. Сол жылдың маусымында бұрынғы иесі Роб Кухиг қызметінен кеткеннен кейін клубтың директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Еске салсақ, Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерсті» 2024 жылдың мамырында сатып алған болатын. Клуб 2025/26 жылғы EFL League One маусымын 63 ұпаймен 11-орында аяқтады.

Айта кетейік, Михаил Ломтадзе Қазақстан футболына да инвестиция салып келеді. Ол қазіргі таңда елордалық Жеңіс футбол клубының иесі саналады.

Реклама
Реклама