Екі құрама да алғашқы турдан кейін бір-бір ұпайдан еншіледі
Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Мароккомен тең түсті.
С тобының бірінші туры АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы MetLife стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Есепті 21-минутта Марокко жартылай қорғаушысы Исмаэль Сайбари ашты. Ол Браим Диастың пасынан кейін допты қақпашы Алиссонның үстінен асыра салды.
Бразилия 32-минутта жауап қайтарды. Винисиус Жуниор әдемі дриблингтен кейін допты алыс бұрышқа дәл бағыттап, таразы басын теңестірді.
Осылайша екі құрама да алғашқы турдан кейін бір-бір ұпайдан еншіледі. С тобында сондай-ақ Шотландия мен Гаити құрамалары өнер көрсетеді.