Жарнама
Жарнама

Сауд Арабиясы мен Уругвай әлем чемпионатындағы матчта тең түсті

Редактор
Бүгін, 10:28

Бірінші тур қорытындысы бойынша барлық төрт команда бір ұпайдан жинады

Getty Images

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Сауд Арабиясы мен Уругвай құрамалары жеңімпазды анықтай алмады.

Н тобындағы алғашқы тур аясындағы кездесу Майамидегі Hard Rock Stadium стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Матчта алғашқы болып Сауд Арабиясының футболшылары есеп ашты. Кездесудің 41-минутында қорғаушы Абдулела Әл-Амри мергендігімен көзге түсіп, командасын алға шығарды.

Алайда ойынның 80-минутында қорғаушы Максимилиано Араухо қарсылас қақпасын дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Осылайша екі құрама да әлем чемпионатындағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді.

Н тобындағы тағы бір кездесуде турнир фавориттерінің бірі саналатын Испания  күтпеген жерден Кабо-Верде құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнады.

Бірінші тур қорытындысы бойынша барлық төрт команда бір ұпайдан жинады. Қосымша көрсеткіштер бойынша топ көшін Уругвай бастап тұр. Одан кейін Сауд Арабиясы, Испания және Кабо-Верде құрамалары орналасқан.

Реклама
Реклама

Материалда: