Жарнама
Жарнама

АҚШ комментаторы Өзбекстан құрамасын Қазақстанмен шатастырып алды

Редактор
19.06.2026, 12:13

Өзбекстан әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді

©Uzbekistan Football Association

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аясында өткен Өзбекстан мен Колумбия матчын тікелей эфирде көрсеткен америкалық FOX Sports телеарнасы ыңғайсыз жағдайға тап болды.

БАҚ мәліметінше, ойын барысында ағылшын журналисі әрі комментатор Джеки Оутли Өзбекстан құрамасын бірнеше рет Қазақстан құрамасы деп атаған.

«Бейнежазбадан анық естілгендей, ағылшын журналисі әрі комментатор Джеки Оутли тікелей эфир барысында Өзбекстан құрамасын Қазақстан құрамасы деп атап отырған. Оутли бұл матчта Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Джои Бартонмен бірге жұмыс істеді», – деп жазады басылым.

Бұл ойын Өзбекстан ұлттық құрамасы үшін әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы матч болды. Дегенмен, тікелей эфир кезінде кеткен қателік әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.

Еске салсақ, Өзбекстан құрамасы дебюттік матчында Колумбиядан 1:3 есебімен жеңілгенімен, тарихи жетістікке қол жеткізді. Команданың әлем чемпионаттарындағы алғашқы голын 22 жастағы жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев соқты. Ол 60-минутта мергендігімен көзге түсті.

Реклама
Реклама