Талғат Байсуфинов бапкерлік мансабында Қазақстан құрамасын үш рет басқарды
Қазақстан футбол құрамасында бапкерлік өзгеріс болды. Отандық маман Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті.
57 жастағы маманның Қазақстан құрамасындағы үшінші кезеңі аяқталды. Байсуфинов ұлттық команданы соңғы рет 2025 жылдың қазан айында қабылдаған еді. Талғат Байсуфинов бапкерлік мансабында Қазақстан құрамасын үш рет басқарды. Жалпы есепте оның жетекшілігімен ұлттық команда 22 матч өткізді. Бұл кездесулерде қазақстандық футболшылар 5 рет жеңіске жетіп, 7 ойында тең түсіп, 10 матчта қарсыластарына есе жіберді.
Айта кетерлігі, Байсуфиновтың соңғы кезеңі қысқа болғанымен, нәтижесі жағынан ең сәттісі саналады. 2025 жылдың қазанынан 2026 жылдың маусымына дейін Қазақстан құрамасы оның басшылығымен 4 ойын өткізіп, 2 рет жеңіске жетті, 1 матчта тең ойнады және 1 кездесуде жеңілді. Бұл жеңістер көктемде өткен FIFA Series турнирінде тіркелді.
Бұған дейін Байсуфинов Қазақстан құрамасын 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында жаттықтырған. Сол екі кезеңде ұлттық команда 18 матч өткізіп, 3 жеңіс пен 6 тең нәтижеге қол жеткізген.
Осылайша, Талғат Байсуфиновтың Қазақстан құрамасындағы үшінші кезеңі ресми түрде аяқталды. Әзірге ұлттық команданы алдағы уақытта кім басқаратыны белгісіз.