Жарнама
Жарнама

Роналду 6 әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы атанды

Редактор
23.06.2026, 22:44

Матчтың 39-минутында Роналду тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды

Getty images

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан әлем чемпионаттары тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді.

Чемпионаттың топтық кезеңіндегі Өзбекстанға қарсы матчта Роналду есепті алтыншы минутта ашып, әлем чемпионаттарында алты түрлі турнирде гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Осылайша португалиялық жұлдыз 2006, 2010, 2014, 2018, 2022 және 2026 жылдардағы әлем біріншіліктерінде мергендер қатарынан көрінді. Бұл көрсеткіш бойынша ол ешкімге бұйырмаған тарихи рекордтың иесі болды.

Матчтың 39-минутында Роналду тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды. Осы голдардан кейін шабуылшының әлем чемпионаттарындағы гол саны 10-ға жетсе, кәсіби мансабындағы голдарының жалпы саны 975 болды.

Кездесудің алғашқы таймында Португалия құрамасы Өзбекстаннан айқын басым түсіп, 3:0 есебімен алға шықты. Португалиялықтардың үшінші голына дейін қорғаушы Нуну Мендеш те өз есімін таблода жаздырған болатын.

Реклама
Реклама