Жарнама
Жарнама

Англия әлем чемпионатында Гананы жеңе алмады

Редактор
24.06.2026, 10:08

Тең нәтижеден кейін екі құрама да төрт ұпайдан жинады

championat.com

Футболдан Англия мен Гана құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде жеңімпазды анықтай алмады.

L тобының екінші турындағы кездесу АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джиллетт» стадионында өтті. Матч 0:0 есебімен аяқталды.

Ойын барысында Англия құрамасы қарсыласынан айқын басым болды. Ағылшындар қақпаға 18 соққы жасаса, Гана футболшылары небәрі 2 рет соққы бағыттады. Дәл соққылар саны бойынша да Англия алда болды – 4:1.

Сонымен қатар Англия құрамасы допқа көбірек иелік етті. Гарет Саутгейт шәкірттері ойын уақытының 59 пайызында допты бақылауда ұстаса, Гана көрсеткіші 31 пайызды құрады.

Осы тең нәтижеден кейін екі құрама да төрт ұпайдан жинады. Доп айырмашылығының жақсы болуына байланысты Англия L тобында бірінші орынға көтерілді.

Бұл топта сондай-ақ Хорватия мен Панама құрамалары өнер көрсетеді. Екі команда да әзірге ұпай еншілеген жоқ. Олардың екінші турдағы өзара кездесуі 24 маусым күні Астана уақытымен 04:00-де басталады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне 12 топтың әрқайсысынан екі үздік команда шығады. Сонымен қатар үшінші орын алған құрамалар арасынан үздік сегіз команда 1/16 финалға жолдама алады.

Реклама
Реклама

Материалда: