Жарнама
Жарнама

Неймар Әлем чемпионатындағы бірінші ойынын өткізді

Редактор
Бүгін, 10:59

Бразилия бұл ойында ірі есеппен жеңіске жетті

Getty Images

Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезең ойындары жалғасуда. Үшінші турда мундиальдың басты фавориті – Бразилия құрамасы Шотландиямен кездесіп, 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Матчтың бірінші таймында Винисиус Жуниор үш гол соққан. Алайда, оның бірін төреші есепке алған жоқ. Ал, екінші таймда Матеус Кунья Шотландия қақпасына тағы бір соғып, ойынның нүктесін қойды.

Жарақаттан енді ғана айыққан Неймар алаңға 76-минутта шықты. Ол соңғы голдың авторы Матеус Куньяны алмастырды.

«Неймар өте көп еңбектенді, мықты кәсіби ойыншы екенін көрсете алды. Жаттығу кезінде өзін аяған жоқ. Сондықтан ол бүгін алаңға шығып отыр», - деді матчтан кейін Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти.

Айта кетейік, үш ойыннан кейін 7 ұпай жинаған Бразилия C тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті.

Реклама
Реклама