Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионатынан кейін Оңтүстік Кореяда үлкен тексеріс басталды

Редактор
Бүгін, 10:03

Оңтүстік Кореяда әлем чемпионатындағы сәтсіздікке байланысты тергеу басталады

Getty images

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён ұлттық футбол құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіз өнеріне байланысты арнайы тексеру жүргізуді тапсырды.

Мемлекет басшысы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, команданың нәтижесі өзінде үлкен таңданыс тудырғанын жеткізді.

«Бұл күтпеген нәтиже мені жай ғана таңғалдырған жоқ, тіпті түсінбей отырмын. Тағы бір мәрте кадр мәселесінің шешуші рөл атқаратыны дәлелденді», – деп жазды президент.

Ли Чжэ Мённің пікірінше, ұлттық құраманың сәтсіздігіне кадрлық саясаттағы олқылықтар, тамыр-таныстыққа жол берілуі және біліксіз мамандардың жауапты қызметтерге тағайындалуы себеп болған. Сондай-ақ ол спорт саласындағы қаржыландыру жүйесінде де мәселелер бар екенін айтып, салық төлеушілердің қаражатының тиімді жұмсалмағанын атап өтті.

Осыған байланысты президент Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм министрлігіне әлем чемпионатындағы сәтсіздіктің нақты себептерін жан-жақты зерттеп, оған әсер еткен факторларды талдауды және мұндай жағдайдың қайталануына жол бермейтін кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.

Реклама
Реклама