Жарнама
Жарнама

Парагвай президенті Германияны жеңген күнді демалыс деп жариялады

Редактор
Бүгін, 09:28

Парагвай Германияны пенальтиде жеңіп, тарихи жеңіске жетті

Getty Images

Парагвай президенті Сантьяго Пенья ұлттық құраманың 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы тарихи жетістігіне орай 30 маусымды ұлттық демалыс күні деп жариялады.

Мемлекет басшысы бұл туралы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеп, тиісті жарлыққа қол қойғанын көрсетті.

«Парагвай құрамасының Германияны жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына тарихи жолдама алуына байланысты 30 маусым ұлттық демалыс күні болып жарияланады», – делінген жарлықта.

Сондай-ақ Сантьяго Пенья ұлттық құраманың жейдесін киіп, теледидар алдында жарлыққа қол қойып отырған фотосын жариялады.

«Осындай қуаныш сыйлғандарыңыз үшін және миллиондаған парагвайлықты қайтадан бір тудың астына біріктіргендеріңіз үшін рақмет», – деп жазды президент.

Еске салайық, Парагвай құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Германиямен негізгі және қосымша уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Реклама
Реклама