Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» 210 млн еуроға француз футболшысын сатып алмақшы

Редактор
Бүгін, 12:59

Футбол тарихындағы ең қымбат трансферді 2017 жылы «ПСЖ» жасаған болатын

Getty Images

Мадридік «Реал» биыл мега-трансфер жасауы мүмкін. Корольдік клуб «Бавария» сапындағы француз вингері Майкл Олисені 210 млн еуроға сатып алмақшы. 

Бұл соманың 180 миллионы негізгі төлем ретінде берілсе, қалған 30 миллионы бонус ретінде бірнеше бөлшекпен төленеді деп күтілуде.

Fichajes.net сайтының жазуынша, Олисенің «Реал» сапына ауысуына клуб президенті Флорентино Перестің өзі принципиалды түрде қызығушылық танытып отыр. Өйткені, «Атлетико Мадрид» оған Хулиан Альваресті 150 миллион еуроға сатуға келіспей қойған. Оның үстіне, Олисе қазіргі әлем чемпионатында жоғары нәтижемен де көзге түсті. Небәрі 4 матчта ол нәтижелі бес пас беріп, командасының 1/8 финалға шығуына көмегін тигізді.

«Реалдың» жаңа бас бапкері Жозе Моуринью Олисе - Мбаппе - Винисиус үштігін алға шығарып, олардың астына Джуд Беллингемді қоймақшы. Бұл төрттік кез келген клубтың қорғанысын тас-талқан етеді деп сенеді португалдық маман.

Еске салайық, футбол тарихындағы ең қымбат трансферді 2017 жылы «ПСЖ» жасаған болатын. Француздар 222 миллион еуроға «Барселонадан» Неймарды сатып алды.

Реклама
Реклама