Жарнама
Жарнама

Португалия Хорватиядан жеңісті жұлып алып, 1/8 финалға өтті

Редактор
Бүгін, 08:40

Матч тағдыры қосымша уақыттың төртінші минутында шешілді

Reuters

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Португалия құрамасы Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, плей-оффтың келесі кезеңіне жолдама алды.

Кездесу Канаданың Торонто қаласындағы BMO Field стадионында өтті.

Есепті матчтың 53-минутында хорватиялық жартылай қорғаушы Иван Перишич ашты. Голға қорғаушы Йосип Станишич нәтижелі пас берді.

Португалия 68-минутта есепті теңестірді. Команда капитаны Криштиану Роналду пенальтиді мүлт жібермей, таразы басын теңестірді.

Матч тағдыры қосымша уақыттың төртінші минутында шешілді. Гонсалу Рамуш Рафаэл Леан асырған допты дәл бағыттап, Португалияға жеңіс сыйлады.

Ойынның 90+13-минутында хорватиялықтар тағы бір мәрте мергендік танытқанымен, Йошко Гвардиол соққан гол VAR тексерісінен кейін офсайдқа байланысты есепке алынбады.

Осылайша, Португалия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Келесі кезеңде олар Испания құрамасымен кездеседі. Матч 6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Реклама
Реклама