Жарнама
Жарнама

Португалия Әлем чемпионатын аяқтады, Роналдудың арманы орындалмады

Редактор
Бүгін, 02:51

Роналду 2003 жылдан бері Португалия ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп келді

Getty Images

Португалия құрамасы Әлем чемпионатын 1/8 финалда аяқтады. Олар Испаниямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңілді.

Матч тоқсан минут бойы командалардың қауіпті шабуылдарымен өрбісе де, есеп ашылған жоқ. Тек 90+1 минутта испандық футболшылар қарсыласының абдырап қалған сәтін ұтымды пайдаланып, Мерино қақпашымен бетпе-бет шықты да, оң бұрышты дәл көздеді. Қалған алты минутта Криштиану Роналду бастаған команда толассыз шабуылдады, бірақ ойынды құтқара алмады.

Осылайша Поругалия құрамасы үшін және команда капитаны Криштиану Роналду үшін Әлем чемпионаты аяқталды. 41 жастағы футболшы осы мундиальдан кейін ұлттық құрама сапындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген болатын.

Роналду 2003 жылдан бері Португалия ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. 2006 жылы ол командасымен бірге әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, үшінші орын үшін өткен матчта жеңілді. 2010 жылы португалиялықтар 1/8 финалда жарысты аяқтады, 2014 жылы топтық кезеңнен шыға алмады, 2018 жылы 1/8 финалда сүрінді, 2022 жылы ширек финалдан аса алмады, ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы тағы да 1/8 финал кезеңінде жарыс жолынан шықты.

Реклама
Реклама