Жарнама
Жарнама

Аргентина маркетингтік қолдаудың арқасында жеңіске жетті – Египеттің бас бапкері

Редактор
Бүгін, 10:17

Ал Аргентина ширек финалда Швейцария құрамасымен кездеседі.

Getty Images

Египет құрамасының бас бапкері Хоссам Хассан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентинадан жеңілгеннен кейін өз командасына әділетсіздік жасалғанын айтты. Кездесу 3:2 есебімен Аргентинаның пайдасына аяқталды. Матчтың 79-минутына дейін мысырлықтар 2:0 есебімен алда тұрған болатын.

«Бізге әлем чемпиондары қарсы тұрды. Олар маркетингтік қолдаудың арқасында жеңіске жетті деп ойлаймын. Бірақ біздің де өз ойын мәнеріміз бар, әрі оны осы әлем чемпионаты басталғалы бері барлық қарсыласымызға таңып келдік. Иә, қателіктер жібердік, бірақ ең бастысы – бұл кездесуде лайық болған нәтижемізге қол жеткізе алмадық. Барлық ойыншыларға алғысымды айттым. Олардың жанкештілігіне өте ризамын. Әсіресе біздің құраманың басым бөлігі ұлттық чемпионатта өнер көрсететін футболшылардан құралғанын ескерсек, ал басқа құрамалардың ойыншылары негізінен Еуропада ойнайды.

Әділдік салтанат құрады деп үміттенеміз. Бельгиямен өткен алғашқы матчта бізге қатысты әділетсіз шешімдер қабылданды, ал бүгін тағы да өрескел қателіктердің құрбаны болдық. Бірақ жанкүйерлерімізге айтарым: мақтаныңыздар, сіздерде ешбір қарсыластан қорықпайтын команда бар», – деді Хассан.

Мысыр әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады. Ал Аргентина ширек финалда Швейцария құрамасымен кездеседі.

Реклама
Реклама