Қатарынан 33 ойын жеңілмеген «Байер» жаңа рекорд орнатты

Редактор
24.02.2024, 08:38

3 наурызда команда «Кельнмен» кездеседі.

Getty Images

Футболдан Германия чемпионатының кезекті турында «Байер» жаңа рекорд орнатты. Хаби Алонсо шәкірттері соңғы 33 матчта жеңілмей, «Баварияның» көрсеткішінен асып түсті.

Бундеслиганың 23-турында «Байер» өз алаңында аутсайдерлердің бірі «Майнц» командасын қабылдаған. Ливеркузендік клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, маусым басталғалы «Байер» барлығы 33 ойын өткізіп, оның ешбірінде жеңілген жоқ. Бұған дейін жеңіліссіз серия бойынша 32 ойынмен «Бавария» бірінші тұрған. Бұл жетістікке мюнхендік клуб 2019-2020 жылғы маусымда жеткен еді. 

«Байер» биылғы маусымда 29 рет жеңіп, 4 рет тең түскен. Қазір команда Бундеслигада көш бастап келеді. Енді 3 наурызда Алонсо шәкірттері «Кельнмен» кездеседі.