Жарнама
Жарнама

Португалия әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін бапкерін ауыстырды

Редактор
Бүгін, 16:45

71 жастағы жаттықтырушы бұл қызметте испаниялық Роберто Мартинестің орнын басты

Getty Images

Португалия футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды. Бұл қызметке тәжірибелі португалиялық маман Жорже Жезуш тағайындалды.

71 жастағы жаттықтырушы бұл қызметте испаниялық Роберто Мартинестің орнын басты. Мартинес Португалия құрамасын 2023 жылдан бері жаттықтырып келген болатын. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында команда турнирден шығып қалғаннан кейін қызметінен кетті.

Ұлттық құраманың ресми Instagram парақшасында: «Жаңа сапар бүгін басталады. Ұлттық құрамаға қош келдіңіз, Жорже Жезуш!» деген жазба жарияланды.

Жезуштің соңғы жұмыс орны Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы болды. Оның жетекшілігімен команда 2025/26 жылғы маусымда ел чемпионы атанып, клуб сапындағы Криштиану Роналдудың алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, 41 жастағы Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты өзінің соңғы мундиалі болғанын мәлімдеген еді. Алайда ол әзірге Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын ресми түрде жариялаған жоқ.

Реклама
Реклама