Жарнама
Жарнама

Францияның бас бапкері Испаниямен матч алдында мәлімдеме жасады

Редактор
Бүгін, 14:12

Испания мен Франция финалға жолдаманы сарапқа салады

Коллаж 1bol.kz

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испанияға қарсы өтетін матч қарсаңында өз пікірін білдірді.

«Испания допты бақылауда ұстағанды жақсы көреді. Олар осы уақытқа дейін небәрі бір ғана гол жіберіп алды, өйткені қарсыластарға допты тартып алу өте қиын. Біз де ойынды бақылағанды ұнатамыз, сондықтан екі түрлі футбол философиясының тартысын көреміз. Бұрынғы кездесулердің бұл матчқа еш қатысы жоқ. Ешқандай кек алу туралы әңгіме жоқ. Бұл – жартылай финал, ал бәске финал жолдамасы тігілген. Алдыңғы екі ойынды ұмытқан жоқпын, бірақ қазір біздің жалғыз мақсатымыз – финалға шығу», – деді Дешам.

Испания мен Франция арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуі 15 шілдеде Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде болады.

Реклама
Реклама