Айта кету керек, 1/8 финалда да Аргентина құрамасы Египеттен 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, матч соңында қатарынан үш гол соғып кеткен болатын
Футболдан Әлем чемпионатының финалына шыққан екінші команда белгілі болды. Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы жартылай финалда Англияны жеңіп, төртінші чемпиондығына бір табан жақындады.
Бірінші таймда жанкүйерлер соғылған гол көрген жоқ. Тіпті, командалар қауіпті шабуылмен де есте қалмады. Есесіне, екінші тайм нағыз драмаға толы болды.
55 минутта ағылшындар сапынан Гордон есепті ашып, командасын алға шығарған. Мұнан кейін бас бапкер Томас Тухель алаңға қорғаушыларын шығарып, Англия түбегейлі қорғанысқа «жатып алды». Аргентинаға керегі де осы еді. Шабуылды үдеткен Месси мен оның командаластары 85-минутта есепті теңестірді, гол авторы – Энцо Фернандес. Ал, төреші қосқан қрсымша минутта (90+2) қапталдан көтерілген допқа бірінші жеткен Лаутара Мартинес баспен гол соғып, ойынның нүктесін қойды.
Айта кету керек, 1/8 финалда да Аргентина құрамасы Египеттен 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, матч соңында қатарынан үш гол соғып кеткен болатын. Ширек финалда Лионель Скалони шәкірттері Швейцарияны жеңді. Енді финалда оларды Испания күтіп тұр. Ақтық ойын 19 шілдеге жоспарланған.