Жарнама
Жарнама

Франция футболшылары үшінші орын үшін болатын ойынға қатысқысы келмейді – БАҚ

Редактор
Бүгін, 09:42

Франция – Англия матчы Астана уақытымен 19 шілдеге қараған түні сағат 02:00-де басталады

Gettyimages/Lars Baron

Франция құрамасының ойыншылары үшінші орын үшін болатын матчқа қатысқысы келмейді деп жазды L’Equipe басылымы.

Дереккөздің мәліметінше, француздар Әлем чемпионатына тек трофей үшін келген. Ал, үшінші орын үшін болатын жұбаныш ойыны жоспарда болмаған.

«Франция ойыншылары қола медаль үшін алаңға шығуды тіпті ойлап та отырған жоқ. Журналистердің сөзінше, команданың көңіл-күйін Килиан Мбаппе бір сөзбен білдірген. Ол командаластарын «басты көтеріп, демалысқа кетуге» шақырыпты.

Командаға жақын дереккөздің бірі «футболшыларға үшінші орын үшін болатын ойынға қатысу туралы ойлаудың өзі жиіркенішті» екенін айтқан», - деп жазылған аталған мақалада.

Англиямен болатын ойын бас бапкер Дидье Дешамның ұлттық құрамадағы соңғы ойыны болады. Әлем чемпионатынан кейін оның отставкасы күтілуде. Сондықтан соңғы матчта ол алаңға қосалқы құрамның футболшыларын шығармақшы.

Десе де, әлем чемпионатындағы бомбардирлік жарыста Мессимен тайталасқан Мбаппе Англиямен болатын матчта ойнауы мүмкін. Аргентиналықтың еншісінде 21 гол болса, француз 20 голмен екінші орында келеді.

Еске салайық, Франция – Англия матчы Астана уақытымен 19 шілдеге қараған түні сағат 02:00-де басталады.

Реклама
Реклама